Алматы базарларының бірінде өрт болды

АСТАНА. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат - Алматы базарларының бірінде өрт болды,
None
None

деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Төтенше жағдай туралы ақпарат бүгін түнде түскен. Сейфуллин көшесі бойында орналасқан «Ақбұлақ» базарындағы дүңгіршек өрт құшағына оранған. Жалын тілі 20 шаршы метр аумақты қамтыған. Құтқарушылардың ақпаратына сәйкес, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Тілсіз жау ҚР ТЖМ Алматы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің жеке құрамындағы 28 маман мен 8 техниканың күшімен ауыздықталды.

Соңғы жаңалықтар