Алматы-Бішкек жолында көлік апатынан 5 адам қаза тапты, екеуі жарақаттанды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылының маңымен өтетін республикалық трассаның 56 шақырымында кеше, 27 сәуір күні түстен кейін 3 пен 4-тің арасында «Лексус-470» джипі аударылды.
None
None

Облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, оқиға орнында көлік рөлін басқарған 47 жастағы әйел мен оның 3 жолаушысы көз жұмды. Үш ер адам Ұзынағаш ауылының ауруханасына жеткізілді. Олардың бірі сол жерде ажал құшты. Қалған екеуі ақ халаттылардың бақылауында.

Жол көлік апаты бойынша ҚР ҚК 296 бабы 3 тармағына сай қылмыстық істің өндірісі қозғалып тергеу амалдары басталды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум