Алматы Экономика және статистика академиясында студент қатарына қабылдау рәсімі өтті

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Алматы Экономика және статистика академиясында оқуға түскен жастарды студент қатарына қабылдау рәсімі өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

   Аталған академияда оқуға биылғы жылы грантты жеңіп алған 126  жас тілек білдірген. Шара барысында академия ректоры  Валерий Корвяков пен оқытушылар қауымы  жас студенттерді құттықтап, табыс тіледі. Академия ректорының айтуынша, биылғы жылы ҚР Президентінің студенттерге жасаған қамқорлығы арқасында ақылы бөлімде үздік оқыған 16 студент грант иегері атанған.

  «Бұл шара Алматы Экономика және статистика академиясы студенттерінің білімге деген ынтасы мен  әлеуметтік жағдайын жақсартып отыр»,  дейді  ол. В. Корвяковтың  айтуынша, оқу орны тарапынан да студенттерді әлеуметтік жағынан қолдау үшін  арнайы кеңес құрылып, мыңнан астам студентке арнайы жеңілдік берілген. Сондай-ақ 2-ші деңгейлі  банктер арқылы студенттерге несие беру жұмыстары дұрыс жолға қойылған.

Соңғы жаңалықтар