08:39, 02 Қаңтар 2016 | GMT +5
Алматы халықаралық әуежайы директорлар кеңесінің құрамы өзгерді
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ директорлар кеңесінің құрамындағы өзгерістер туралы хабарлады.

Директорлар кеңесінің құрамы жаңа мерзімге 30.12.2015 ж. бекітілді, деп жазады Қазақстан қор биржасының сайты.
Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры болып бір жыл мерзімге Сәйденов Әнуар Ғалимуллаұлы сайланды.
Қанашев Дияр Бахытбекұлы Директорлар кеңесінің мүшесі болып бір жыл мерзімге сайланды.
Бекмұхамбетов Айбол Әнуарұлы Директорлар кеңесінің мүшесі болып бір жыл мерзімге сайланды.