Алматы қалалық сотының бірқатар судьялары марапатталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми Алматы қалалық сотында Қазақстан Конституциясы күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиынға қатысты.
None
None

Шара барысында Жоғарғы сот төрағасы Алматы қалалық сотының бірқатар судьяларын ведомстволық медальдармен марапаттады.

«Осыдан 19 жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен, халқымыздың қолдауымен қабылданған Ата Заңымыз аса құнды құжатқа айналды. Жаңарған Конституция қабылданғаннан бергі кезеңде Қазақстан қуатты, нарықтық экономикаға негізделген демократиялық мемлекет ретінде әлемдік қоғамдастыққа кеңінен танылды. Азаматтардың Конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету жолында, құқықтық мемлекетті қалыптастыру мен нығайту ісінде судьялар лайықты үлес қосып отыр», - деді ҚР Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми.

ҚР Жоғарғы Сотының І дәрежелі «Сот жүйесінің үздігі» төсбелгісімен Алматы қалалық сотының судьясы Тұрсын Нәбиев, ІІ дәрежелі «Сот жүйесінің үздігі» төсбелгісімен Алматы қаласы Әуезов ауданының судьясы Гүлзат Шардарбекова, ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» төсбелгісімен ҚР Әскери сотының судьясы Қуаныш Саманбетов, ҚР Судьялар одағының «Үш би» құрметті белгісімен Алматы қалалық сотының судьясы Раушан Досмұхамбетова марапатталды.

Салтанатты жиында сөз алған қалалық соттың төрағасы Ағжан Ештай судьялардың Ата заңымызда көрсетілген нормаларды жүзеге асыруда рөлі зор екендігін айтып өтті.

«Мемлекет басшысы судьялардың алтыншы сьезіндегі сот жүйесін реформалаудың негізгі бағытарын айқындап, нақты тапсырмалар берді. Судьялар корпусы Елбасы қойған міндеттерге сәйкес сот төрелігін сапалы атқаруға бар күшін салуда», - деді Ағжан Ештай.

Соңғы жаңалықтар