Алматы қалалық табиғи монополияларды реттеу агенттігі өткен жыл қорытындысын жариялады

АЛМАТЫ. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек /-Бүгін ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті 2008 жылғы жұмыс қорытындысын жария етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Департамент директоры Ялкунжан Баратовтың айтуынша, өткен жылы департаментке табиғи монополиялар субьектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифтер мен тарифтік сметаларды бекітуге 21 өтінім келіп түскен. Оның 10-ы бойынша бекіту туралы шешім қабылданса, қалғандарынан бас тартылған. Бақылау және талап қою жұмысы бойынша Департамент табиғи монополиялар туралы заңды бұзғаны үшін 3,5 миллион теңге айыппұл салып, мемлекет пайдасына өндірген. Тарифтік сметаны орындамағаны үшін 3 субьектіге уақытша өтемдік тарифтер енгізілген. Бұндағы тұтынушылар өтемі 13 миллион теңгені құрады. Сондай-ақ сыртқы ауаның температурасын есепке ала отырып қолданатын жылу энергиясы үшін төлемге қайта есептеу жұмыстарын жүргізіп, бұл бойынша тұтынушыларға 21 миллион теңге қайтарылған. Тауар нарығында үстем жағдайға ие субьектілерден бағаның көтерілуі туралы 7 хабарлау келіп түсіп, оның ішінде газ бағасының көтерілуіне байланысты 2 субьектіге рұқсат етілген. Өткен жылы электр энергиясын үнемдеу бағытында халық үшін 2 санатты, заңды тұлғалар үшін 3 санатты дифференциалды тариф енгізілген.Су жеткізу саласында да осындай тарифтер енгізілген. «Бұл заңды өзгеріс, мәселен, заңды тұлғалар бұған дейін көлік жуу орнында 1 көлік жууға 1000 теңге, осыдан 2 теңге суға, моншаға 500 теңге, одан 5 теңге суға төлеп келген. Жаңа өзгерістер арқылы су жеткізудің техникалық мүмкіндіктері реттеліп, судың ысырап болуын 27 пайызға азайтады. Қазіргі ысырап көлемі 47 пайыз», дейді Ялкунжан Баратов.Оның айтуынша, өткен жылы «Табиғи монополиялар туралы» заңға өзгерістер енгізілген. Алдағы уақытта субьектілерден келген ұсыныстар осы өзгерістер негізінде жүзеге асырылмақ.
Соңғы жаңалықтар