Алматы қаласы, Алмалы ауданы әкімдігі қарттар айлығының қорытындысы бойынша жиын өткізді

АЛМАТЫ. Қарашаның 6-сы. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматы қаласы, Алмалы әкімдігі қарттар айлығының қорытындысы бойынша жиын өткізіп, зейнеткерлерге қайырымдылық көрсеткен бір қатар мекеме басшыларын құрмет грамотасымен марапаттады,

Алматы қаласы, Алмалы ауданы әкімдігі қарттар айлығының қорытындысы бойынша жиын өткізді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жиында аудан әкімдігі және бір қатар ұйым өкілдері осы шара барысында істелген жұмыстары жайында баяндамалар жасады. «Ауданымызда 28 637 зейнеткер тұрады, оның 230-ы Ұлы Отан соғысының ардагері, 2633-і еңбек майданында қызмет еткендер.Айлық барысында соғыс және еңбек  ардагерлері мен мүгедектер азық-түлікпен, түрлі сыйлықтармен қамтамасыз етіліп, арнайы концерттерде болды. Сондай-ақ мектептер мен жоғары оқу орындарының құрметті қонақтары атанды. Осы қазан айы бойы мекемелер мен аудандық ұйымдардың демеушілігімен қарттарға 18 миллионнан астам тенге бөлінді», дейді Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Надежда Яковлева.

«Елімізде бір ай бойы қарттар айы мерекесі жүрген болатын.  Осы шара барысында ауданымыздың көптеген мекемелері, фирмалары қаржылай демеушілік жасап, зейнетақысы төмен 500-дей  отбасыға  көмектестік. Атап айтар болсам «Ергенеқон», «Ипотекалық   компания», «Прима» компаниялары өз қол ұштарын берді», дейді ардагерлер кеңесінің мүшесі Зәуреш Әбдірахман.