Алматы қаласында сайлаушылар саны - 1, 038 млн. адамды құрайды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазіргі таңда Алматы қаласындағы сайлаушылардың саны - 1,038 млн. адамды құрайды. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихаты барысында Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бақытжан Доспанов мәлім етті.

Алматы қаласында сайлаушылар саны - 1, 038 млн. адамды құрайды

«Қалаға жаңа елді-мекендердің қосылуына байланысты, округтық және учаскелік комиссиялардың шекарасын қайта қарастыруымызға тура келді. Алайда, бұл олардың санына әсер еткен жоқ, сол баяғы 37 округ қалды. Сәйкесінше, сайлау күні 578 сайлау комиссиясы жұмыс істейтін болады. Олардың құрамында бес саяси партия мен сегіз қоғамдық ұйым өкілдерінен тұратын 4 мыңнан астам болады», - деді Б. Доспанов.

Ол сонымен қатар, Мәжіліс депутаттығына үміткердің сайлау жарнасы - 15 ең төмен жалақыны, яғни - 342 885 теңгені құрайтындығын айтты. Ал Алматы қаласының Мәслихаты депутаттығына үміткердің жарнасы - 5 ең төмен жалақы көлеміне тең болады, яғни - 114 295 теңгені құрайды.
«Сайлаушылардың тізімін жасау бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Алматы - еліміздегі ең үлкен сайлау бірлігі. Бүгінгі таңда алматылық сайлаушылардың саны - 1, 038 млн. 876 адамды құрайды. Әрбір сайлау учаскесіне келетін сайлаушылардың орташа саны - 28 мың адам болады», - деді Б. Доспанов.
Сондай-ақ, сайлау комиссиясының өкілдері тіркелген мекен жайы бойынша тұрмайтын азаматтардың сайлаушылар тізіміне ену үшін нақты тұратын жері бойынша жергілікті атқару органына жүгіну керектігін жеткізді.