20:26, 08 Шілде 2010 | GMT +5
Алматы қаласында жүргінші көшеден оқ-дәрі толы қолдорба тауып алды
АЛМАТЫ. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат - Кеше кешкілік Алматыдағы Жібек жолы көшесі мен Аманкелді көшелерінің қиылысынан жүргінші оқ-дәрі толы қолдорба тауып алды, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметтеріне сәйкес, ішінде 100 дана 5,45 калибрлі оқ салынған қалтаны Жібек-Жолы мен Амангелді көшелерінің қиылысынан сол маңнан өтіп бара жатқандар тауып алған. Табылған зат туралы хабарлама шілденің 7-сі күні 19.00-де келіп түсті.
Оқ-дәрілерді аудандық Ішкі істер бөлімшесінің қызметкерлері алды.