«Алматы қаласындағы жер сілкінісі қауіп-қатерін басқаруды зерттеу» жобасының қорытындысы шілде айында дайын болады

АЛМАТЫ. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Алматы қаласындағы жер сілкінісі қауіп-қатерін басқаруды зерттеу» жобасының қорытындысы шілде айында дайын болады.
None
None
Бұл жайлы бүгін Алматыда Шұғыл дайындық басқармасы бастығы орынбасарының міндетін атқарушы Сейіт Төлбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оны Жапонияның халықаралық ынтымақтастық жөніндегі зерттеу агенттігі тобы мен қала әкімдігі 2007 жылы бастаған болатын. Екі жылға арналған бұл жобаның соңғы кезеңі жүріп жатыр. «Жапон зертеу тобы ақпан айында жобаның ақырғы сатысын бастады. Қазіргі таңда бізбен бірге жинаған қажетті барлық материалдарды өңдеп, талдау жасауда. Қорытынды есеп пен Алматы қаласында жер сілкінісін басқару жобасы», «Жергілікті қоғамдастықтар деңгейіндегі жер сілкінісі жобасы» және олардың сәйкес құжаттары мен технологиялары шілде айында қала әкімдігіне тапсырылады», - дейді С. Төлбаев. Оның айтуынша, бұл жобалардың маңызы өте зор. Мәселен, мұнда қоғамдық ұйымдар, жеке пәтер иелері коперативтері мен мектеп деңгейіндегі атқарылатын жұмыстар айқындалмақ. Жалпы жобаны бірлесіп жүзеге асырып жатқан Жапонияның халықаралық ынтымақтастық жөніндегі зерттеу агенттігінің тобы наурыздың 18-і күні өз еліне қайтып, жұмысты сонда түйіндейді. Сондай-ақ маусымның 11-інде осы мәселе бойынша халықаралық семинар ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Соңғы жаңалықтар