Алматы қаласының әкімдігі Ресей жинақ банкімен түрлі салаларда ынтымақтастық орнатуға дайын - Ахметжан Есімов
МАТЫ. 14 қазан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Кеше Алматыда қала әкімі Ахметжан Есімов іс-сапармен жүрген Ресей жинақ банкінің Басқарма төрағасы Герман Грефті қабылдады. Онда Ресейдің ең ірі қаржы институтының басшысы Қазақстанда ақпараттық технологияларды белсенді түрде енгізуге өздерінің дайын екенін жеткізді.
А.Есімов оларға "Алатау" ақпараттық технологиялар паркі мен Алатау ауданындағы индустриялдық аймақты ынтымақтастық үшін озық технологияларды енгізу алаңы ретінде пайдалануды ұсынды. Енді Ресей жинақ банкі бұл мүмкіндікті қарастырып, өз ұсыныстарын енгізбек.
"Қала әкімдігі әртүрлі салада ынтымақтасуға дайын. Бұл салада тәжірибесі де бар. Шаһарда тазалау техникаларының лизингі бойынша бірлескен жоба сәтті жүзеге асырылып жатыр", - деді Ахметжан Смағұлұлы.