Алматы қаласының бюджетіндегі тиімсіз шығындар 5,4 млрд. теңгеге қысқартылды

Оған Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, Мәслихаттың депутаттары және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.
Өзінің алғы сөзінде қала басшысы бюджет қаражатын негізінен әлеуметтік салаларды дамытуға жұмсау керектігін айтты.
«Бюджет мәселесі өте маңызды. Оның әрбір тиыны қайда жұмсалып жатыр? Қалай жұмсалып жатыр? Осы жағын мұқият қадағалауымыз қажет. Қалалық Мәслихат депутаттарының 95 пайызы «Нұр Отан» партиясының мүшелері. Яғни, ондағы ең үлкен фракция осы «Нұр Отан» партиясына тиесілі. Сондықтан биылғы 2015 жылдың бюджетін оңталандыру мәселесін ертең Мәслихаттың сессиясына шығармай тұрып, бүгін алдын ала, фракция отырысында талқылағанды жөн көрдік. «Нұр Отан» партиясының негізгі төрт ұстанымы ол - ашықтық, нәтижелілік, есептілік және жауапкершілік. Біз осы төрт ұстаным бойынша жұмыс атқаруымыз керек», - деді өз сөзінде Б. Байбек.
Отырыс барысында негізгі мәселе қала бюджетінің тиімді пайдаланылуы мен орындалуы төңірегінде болды. «Нұр Отан» фракциясының депутаттары мегаполис бюджетіндегі тиіміз шығындарды 5,4 млрд. теңгеге қысқартты. Қатысушылар үнемделген қаржыны әлеуметтік маңызға ие жобаларға жұмсау керектігін ұсынды. Бұл шешім бірауыздан қабылданды.
Сонымен қатар, фракция депутаттары бүгінгі жиынға қатысқан қоғамдық ұйымдардың ұсыныстарын ескере отырып, бюджеттік қаржының жұмсалуын оңтайландыру және қадағалау шараларын жан-жақты қарастырды.