Алматы қаласының дамуындағы өзекті мәселелер туралы дөңгелек үстел жиыны өтеді

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда қыркүйектің 23-і күні "Алматы қаласының дамуындағы өзекті мәселелер" деп аталатын дөңгелек үстел отырысы өтеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оны Мәдениет министрлігінің қолдауымен "Альтернатива" өзекті зерттеулер орталығы ұйымдастырып отыр. Жиынның басты мақсаты - Қазақстан қоғамы мен мемлекетінің қазіргі заманғы даму кезеңіндегі Алматы қаласының саяси-әкімшілік және әлеуметтік-экономикалық жағдайының көкейкесті мәселелерін талқылау. Оған ғылыми-зерттеу ұйымдарының, сараптамалық қоғамдастықтардың, мемлекеттік орындардың және саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатыспақ. Мәжілісте сөз болатын негізгі мәселелер - "Алматы тартылыс орталығы ретінде: әлеуметтік, экономикалық саяси және мәдени қырлары", "Алматыдағы жергілікті өзін-өзі басқарудың тәжірибесі мен келешегі", "Қазіргі алматылықтар: әлеуметтік көңіл-күй мен үміт ету" деген тақырыптарда өрбігелі отыр.

Соңғы жаңалықтар