Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматы қаласының прокуратурасы ірі көлемдегі экономикалық контрабанданың жолын кесті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының прокуратурасы кедендік бақылау комитетінің қызметкерлерімен бірлесе отырып ірі көлемдегі экономикалық контрабанданың жолын кесті. Алдын ала деректер бойынша, мемлекетке келер залалдың көлемі жарты миллиард теңге болуы ықтимал еді. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Алматы қаласының прокуратурасы ірі көлемдегі экономикалық контрабанданың жолын кесті

Қытай халық республикасынан «S» ЖШС-не келген үш авто көлікті тексеру барысында олардағы тауарлардың кедендік декларацияда көрсетілген тізіммен сәйкес келмейтіндігі анықталды.

Мысалы, автофураның бірінің декларациясында жалпы сомасы 5 млн. теңге болатын полиэтилендік пакеттер, картондық қораптар және фотоальбомдар көрсетілген. Алайда, тексеру барысында көлікке «Zilli», «Nike» және басқа да фирмалардың қымбат бағалы брендтік киімдері мен аяқ киімдері тиелгені анықталды. Жалпы сомасы 35 млн. теңге.

Үстіміздегі жылдың 11 қыркүйегінде осы оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 209-бабының 2 тармағы бойынша (ірі көлемдегі экономикалық контрабанда) қылмыстық іс қозғалды.

Жалпы, жоғарыда аталған фирманың мекен-жайына тіркемелері бар 9 жүк автофургон келген. Қазір оларға да тексеру жүргізілуде.

Бұл жерде жүкті қабылдап алушының жол бойында екі автофургонның жүктерін кедендік рәсімдеусіз-ақ түсіріп алғанын айта кеткен жөн.

Сонымен қатар, тексеру барысында Алматының кедендік органдары қызметкерлерінің аталмыш автофургондардың уақытша сақтау қоймаларына келуі жайлы жалған деректер жазғандықтары да анықталды.

Осы деректерге байланысты қазір Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің қызметкерлеріне қарсы ҚР ҚК 307- бабы (қызмет бабын асыра пайдалану) және 314-бабы (қызмет бабында жалған құжат жасау) бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде.