Алматы қаласының ТЖД қала тұрғындары мен туристерден таулы аумақтарға саяхаттамауды сұрауда

АЛМАТЫ. 6 сәуір. ҚазАқпарат - ҚР ТЖМ Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК-ның қар көшкіні жағдайы туралы бүгін таратқан хабарламасына назар аудартады.

Алматы қаласының ТЖД қала тұрғындары мен туристерден таулы аумақтарға саяхаттамауды сұрауда

Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облыстарының таулы аумақтарының бөктерлерінде күннің жылынуы мен қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты 6-9 сәуір күндері аралығында қар көшкіні қаупі сақталады.

Қар көшкіні болуы мүмкін таудың қарлы аймақтарына шығудан бас тарқан жөн. Төтенше жағдайлар болған немесе оның қаупі туындаған жағдайда Алматы қаласы бойынша ТЖД-ның Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметіне 274 22 19, 101, 112, 109 нөмірлері бойынша хабарласуға болады.