Алматы қаласының ТЖД қар көшкіндері жүретіндігі туралы смс-хабарламалар таратты
АЛМАТЫ. 4 ақпан. ҚазАқпарат - Осы күндері Алматының таулы аумақтарында қар көшкіндері жүруі ықтимал.
Осындай смс-хабарламаларды қалалық ТЖД таратты.
Алматы қаласының құтқару қызметі алматылықтар мен қала қонақтарын таулы жерлерге серуендеуден бас тартуды сұрайды. Төтенше жағдайлардың қаупі туындаған және олар пайда болған кезде 109 және 112 телефон нөмірлері бойынша хабарласу қажет.