Алматы Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесін қызу атап өтуде
АЛМАТЫ. Мамырдың 1-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алматы жұртшылығы бүгінгі Қазақстан халқының бірлігі мерекесін қызу атап өтуде,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Қаланың барлық аудандарында түрлі мерекелік шаралар өтіп жатыр. Ал басты шара Республика сарайының алдындағы Абай алаңында өтуде. Алматы жұртшылығы мен қонақтар жиналған шара қала әкімі Ахметжан Есімовтің құттықтауымен ашылды. Қазір түрлі ұлттық орталықтардың театрландырылған көріністері мен Өзбекстанның халық әртісі Мақсұд Ташматов, Украинаның халық әртісі Николай Гнатюктің қатысуымен ҚР халық әртісі Роза Рымбаеваның «Көктем шақырады» атты концерті болып жатыр. Сондай-ақ кешке дейін «Сазген сазы» этнографиялық-фольклорлық ансамблінің, цирк әртістерінің, эстрада жұлдыздарының қойылымдары өтеді. Шара кешке мерекелік отшашумен аяқталады. Қала жұртшылығы биылғы мерекелік шараның қызықты, үлкен әсермен өтіп жатқанын айтады.