Алматы кеденінде Ресей азаматынан ірі мөлшердегі валюта тәркіленді

АЛМАТЫ. Мамырдың 14-і ҚазАқпарат /Таңжарық Ілиясұлы/ - Бүгін Алматы қаласының Халықаралық әуежайында №875 әуе рейсін тіркеу кезінде Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің «Жетісу» кеден бекеті қызметкерлері Ресей азаматынан ірі көлемде валюта тәркіледі,

Алматы кеденінде Ресей азаматынан ірі мөлшердегі валюта тәркіленді
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Алматы-Мәскеу» бағытында ұшып бара жатқан азамат заңсыз жолмен 23 мың АҚШ долларын алып кетпек болған. Осындай оқиға мамырдың 10-ы күні де тіркелген болатын. Онда Ресей Федерациясының М. есімді азаматы 15 мың 135 еуро және 102 мың 710 ресей рублін заңсыз алып бара жатқан. Сондай-ақ мамырдың 12-сі күні «Алматы-Бейжің» бағытындағы № 887 әуе рейсін тіркеу кезінде кеден бекеті қызметкерлері Қытай Халық Республикасына 50 мың АҚШ долларын алып шықпаққа әрекеттенген Қытай азаматын ұстады. Ағымдағы жылдың 4 айында 411 мың 943 АҚШ доллары және 15 мың 135 еуро мөлшерінде экономикалық контрабанданың 19 фактісінің жолы кесілген. Сонымен қатар 59 килә рәсімделмеген зергерлік бұйымдар тәркіленген.