Алматы көркем фильмдер киностудиясының құрылғанына - 70 жыл

1941 жылдың 12 қыркүйек күні Қазақ КСР Халық комиссарлары кеңесінің 1941 жылғы 12 қыркүйектегі №762 қаулысы негізінде Алматы көркем фильмдер киностудиясы ұйымдастырылды.
Кейіннен киностудияның атауы "Қазақфильм" киностудиясы деп ауыстырылды. 1984 жылы «Қазақфильм» киностудиясына ұлттық кинематографтың көрнекті қайраткері Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың есімі берілді. (Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы).
70 жыл ішінде киностудияда 228 толықметражды және 70 қысқаметражды көркем фильм, 1133 деректі фильм және 139 анимациялық фильм түсірілген.
Одан бергі уақыттан киностудияда көп нәрсе өзгерген. Қазіргі уақытта студия соңғы заманауи техникамен жабдықталған. Оның негізгі қызметі - көркем, деректі және анимациялық фильмдерді шығару, сонымен қатар, шетелдік фильмдерді қазақ тіліне дубляждау болып табылады.
Соңғы жылдары «Қазақфильм» киностудиясында «Сказ о розовом зайце» (режиссері Фархат Шаріпов), «Ликвидатор» (реж. Ақан Сатаев), «Балалық шағымның аспаны» (реж. Рүстем Абдрашев), «Рывок» (реж. Қанағат Мұстафин), «Ирония любви» (реж. Ержан Рүстембеков пен Александр Черняев) сынды көптеген танымал фильмдер түсірілді.