Алматы Қыздар педагогикалық университетіне «Ұлттық» мәртебесі берілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Президентінің 2018 жылдың 25-желтоқсандағы Жарлығымен Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне «Ұлттық» мәртебесі берілді. Бұл туралы университеттің баспасөз хатшысы Жандар Асан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАпарат тілшісі.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті еліміздегі жетекші жоғары оқу орындарының бірі. Бұл әйел адамдарды ғана педагогикалық мамандыққа оқытатын жалғыз ғана оқу орны. 75 жыл ішінде университет қалыптасып даму үстінде болды. Осы жылдар аралығында университетте 60 мыңнан астам маман дайындалды.

«Жоғары оқу орны бүгінгі таңда Қазақстанның педагог кадрларын даярлайтын басты орталықтардың бірі болып отыр. Білікті мамандар мен ғалым, оқытушылар елдің дамуы жолында белсенді жұмыс атқаруда. Ғалымдар аталмыш орқу орнының қабырғасында ғылымның түрлі бағыттары бойынша фудаменталды зерттеу жұмыстарын жазып, елдің игілігіне айналдыра білді»,-деді Ж.Асан.

Қазіргі таңда университ бакалавриат дәрежесі бойынша - 42, магистр дәрежесі бойынша - 23 мамандық иесін дайындайды. Сондай-ақ 4 мамандық бойынша PhD докторын дайындайды.

Университеттің 27 кафедрасы мен 6 факультеті профессорлық-педагогтық құрамды дамытумен айналысады. Сондай-ақ оқу орнында 20 мамандық бойынша қашықтықтан оқыту жүйесі технологиясы енгізілген. Университетте 41 ғылым докторы, 193 ғылым кандидаты, 22 PhD докторы бар.



Гүлзат Сахова

Соңғы жаңалықтар
telegram