Алматы маңында 5,5 балдық жер сілкінісі тіркелді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 26 мамыр күні 21 сағат 50 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы маңында 5,5  балдық жер сілкінісі тіркелді

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 71 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасты.

Зілзаланың энергетикалық санаты - 11.4. MPV магнитудасы - 5,5. Тереңдігі - 10 км.

Алматыда 2-3 балдық жер сілкінісі сезілді.