Алматы маңындағы демалыс орнында белгісіз біреулер оқ атты
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы маңындағы демалыс орнында белгісіз біреулер оқ атты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 31 қазан күні сағат 16:00 шамасында болған. Іле ауданының кезекші бөліміне Байсерке ауылындағы демалыс орнында атыс болғаны туралы ақпарат түскен.
«Қазіргі уақытта аталған факті бойынша адам өлтіруге оқталу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілерді анықтауға және оларды ұстауға бағытталған жедел іздестіру кешені жүргізілуде» деп хабарлады полициядан.