Алматы маңындағы ұшақ апатынан қаза болғандардың саны 15-ке жетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат  - Алматыда  «Bek Air» ұшағының апатынан қаза болғандардың саны 15-ке жетті.
None
None

Бұл туралы қалалық Қоғамдық деснаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев Алматыда өткен брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір мендегі мәліметтерге сәйкес, 14 адам оқиға орнында қайтыс болған. 1 адам №4 клиникалық ауруханада қайтыс болды. Барлығы 15 адам қайтыс болды», - деді Тілеухан Әбілдаев.

Басқарма басшысы оқиға орнында қаза болғандардың денесі моргтерге жеткізілгенін айтты.

«Оқиға орнында қайтыс болғандарды Төтенше жағдайлар қызметі арнайы органдарға жеткізді. Сот-медициналық сараптама жүргізіледі», - деді ол.

Айта кетейік, бүгін таңда Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан ұшақ радардан жоғалып кетті.

Кейін 95 жолаушысы және 5 экипаж мүшесі бар ұшақтың апатқа ұшырағаны мәлім болды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ұшақ құлаған аумаққа арнайы комиссия ұшып шықты. Осы апатқа қатысты шұғыл желі іске қосылған.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апатына кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланатынын мәлімдеді. Елбасы Нұр-Сұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты.




Соңғы жаңалықтар