Алматы марафонынан жиналған қаржы онкологиялық дертке душар болған балаларды емдеуге жұмсалады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - III Алматы марафонына қатысудан жиналған қаржы онкологиялық ауруларға душар болған балаларды емдеуге жұмсалады. Бұл жөнінде бүгін Алматыда өтіп жатқан шара аясында осы марафонның директоры Салтанат Қазыбаева мәлімдеді.
None
None

Оның айтуынша Алматы марафонының басты мақсаттарының бірі - республикалық маңызға ие қайырымдылық жобаларды барынша қолдау.

«Бүгінгі марафоннан шамамен 10 миллион теңгеге жуық қаржы жиналады деп күтілуде. Нақты сомасы алдағы бірнеше күннің ішінде белгілі болады. Біз оны арнайы мәлімдейміз. Бұл қаржы онкологиялық ауруларға душар болған балаларды емдеуге жұмсалады. Сонымен қатар, осы марафонның бас демеушісі және серіктесі - «Astana Group» компаниясы Алматыдағы балалар онкологиялық орталығына жедел жәрдем көлігін сыйға тартайын деп отыр. Оны осы компанияның президенті Нұрлан Смағұлов жеңімпаздарды марапаттау барысында орталыққа табыстайды. Алматы марафоны - бұл тек спорттық мереке емес, ол қалалық мереке. Ол саламатты өмір салтын насихаттайды және жұртшылықты әлеуметтік жауапкершілікке шақырады», - деді Салтанат Қазыбаева.

Естеріңізге сала кетейк, марафонға қатысушылар 1500 теңгеден бастапқы жарна төлейді. Бұл ең төменгі мөлшер. Одан артық төлеуге ешқандай шектеу жоқ. Қайырымдылықты қолдау үшін марафонға қатысу міндетті емес. марафонның арнайы шотына ақша сала беруге болады.

2012 жылғы марафоннан 292 505 тенге жиналған болатын. Ол қаржы сал ауруына ұшыраған балаларды емдеуге жұмсалды.

Ал 2013 жылы жиналған қаржының мөлшері - 2 752 100 теңге. Бұл қаржы сал ауруына душар балаларға арналған мини-акватория салу үшін «Арди» оңалтау орталығына берілді. Емдік жүзу сал ауруына ұшыраған балаларға өте қажет екені белгілі.

Соңғы жаңалықтар
Референдум