Алматы мәслихаты жол ақысы жеңілдіктерін бекітті

АЛМАТЫ. 18 қаңтар. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/- Бүгін Алматы қаласы мәслихатының ХХХVI сессиясында IV шақырылымның депутаттары Алматы қаласында тұратын мүдделі азаматтардың жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерінде жол жүру құқығын беретін бірыңғай айлық жол жүру билеттерінің түрлері мен бағаларын бекітті.
None
None

Депутаттар алдында Алматы қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы Владимир Меренков баяндама жасады.

Оның айтуынша, Алматыда билет құнының 50 пайыз төлемі құқығына мектеп оқушылары, студенттер және зейнеткерлер ие болып келеді. «Бұл жеңілдікті қалада 514 мың адам қолданып келеді. Алматы қаласы жергілікті бюджеті есебінен кеткен шығыс өзін ақтамай келеді. Қалалық көліктер тозып бітті. Бұл сала тиімсіз болып кетті және бұл салаға ешкім инвестиция салуға құнықты болмай барады. Сондықтан, қаражаттардың мақсатты бағытта жұмсалуы қажет», -деп атап өтті Владимир Меренков.

Биыл да мәслихат шешімімен қоғамдық көліктерде жол ақысы жеңілдігіне Алматы қаласы жергілікті бюджет қаражаты есебінен билет құнының 100 пайыз төлемімен Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, билет құнының 50 пайыз төлемімен 15 жастан жоғары жалпы білім беру мектептерінің оқушылары, техникалық және кәсіби білім оқушылары, күндізгі оқу түріндегі жоғары оқу орындарының студенттері ие болды.

Соңғы жаңалықтар