17:54, 06 Ақпан 2009 | GMT +5
Алматы мен Петропавл арасындағы ұшу сапары қалпына келтірілді
ПЕТРОПАВЛ. Ақпанның 6-сы. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Ақпанның 5-інен бастап Алматы-Петропавл-Алматы ұшу сапары қалпына келтірілді, сөйтіп солтүстікқазақстандықтар оңтүстік астанаға әуе жолымен сапарлауға мүмкіндік алды.

Оны Шымкенттің «SKAT авиакомпаниясы» АҚ 40 орындық АН-24 ұшағымен жүзеге асырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Алматыға ұшу сапарын қалпына келтіру Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләловтің бастамашы бойынша жүзеге асып отыр. Бұл рейс өткен жылғы наурыз айында тоқтап қалған болатын. Жаңа рейс бойынша ұшақтар аптасына үш рет қатынайтын болады.