Алматы метрополитенінде қауіпсіздік шаралары күшейтілді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Болған оқиғаға байланысты, Алматы метрополитенінде қауіпсіздік шаралары күшейтілді.
«Жолаушылар жүз пайыз тексеріледі. Станцияларда ІІБ жеке құрамы кезекшілік етеді», - деп хабарлады «Алматы қ. метрополитені» МКК.
Бүгін Алматының бірнеше ауданында белгісіз біреулер оқ жаудырды. Полиция қызметкерлері мен белгісіз ер адамдар арасында қарулы қақтығыс болған.