Алматы метросы стансаны су алуы туралы түсініктеме берді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы метросының М.Әуезов атындағы драма театры стансасын су алды. Қазір мәселе техникалық тұрғыдан тексеріліп жатыр. Бұл туралы «Метрополитен» МКК баспасөз хатшысы Айгүл Ешмағамбетова хабарлады.
None
None

Оның айтуынша, мұндай жағдай тек М.Әуезов атындағы драма театры стансасында орын алған.

«Тоннельдегі су жолаушыларға да, метрополитенге де кесірін тигізбейді. Дәл қазір метро инженерлердің қатаң бақылауында. Су алудың себептері анықталып жатыр», - деді А.Ешмағамбетова.

Оның айтуынша, метро штатты режімде жұмыс жасап тұр. Әзірге судың қайдан келгені белгісіз.

«Метро түнгі 23:00-де жабылғасын біздің қызметкерлер арнайы гидроизоляциялық жабындымен қаптайды. Судың тамшылап тұрғаны қауіпті емес», - деді А.Ешмағамбетова.

Соңғы жаңалықтар
Референдум