Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматы облыстық ішкі істер департаментінде баспасөз клубы ашылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Талдықорғанда ішкі істер департаментінде баспасөз клубы ашылды.

Алматы облыстық ішкі істер департаментінде баспасөз клубы ашылды

Алматы облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Берік Қожамбердиевтің хабарлауынша, ішкі істер департаментінің баспасөз клубы Алматы облысының әкімі Серік Үмбетовтың тікелей қолдауымен құрылды. Ол өзінің шешімімен үй құрылысына қажетті ақшалай қаражат бөлді.

Баспасөз клубында бір мезгілде 20 адамға қызмет көрсетуге есептелген ілеспе аударма аппараты, монтаждау және компьютерлік техникалар орнатылған. Таяу уақыттары баспасөз қызметінің қызметкерлері даярлаған бейне-материалдарды көрсететін экраны бар бейне-проектор орнатылмақшы.