Алматы облыстық мәдениет басқармасының басшысы қамауға алынды

ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат - Алматы облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Әлия Жақыпбекова бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: dknews.kz

«Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Алматы облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы»» ММ басшысына және басқа да адамдарға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Лауазымды тұлға қолма-қол ақшаға айналған және өз қалауы бойынша пайдаланылған бюджет қаражатын ұрлады деп күдіктенеді.

Ағымдағы жылдың 30 сәуірінде Іле ауданының тергеу сотының санкциясымен мемлекеттік органның басшысы қамауға алынды«,- делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің хабарламасында.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге де ақпарат таратылуға жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрқайсысы кінәсіз деп есептеледі.


Соңғы жаңалықтар