Алматы облысы ағымдағы жылы 4 мың оралманға квота бере алады - Көші-қон комитетінің төрағасы Қабылсаят Әбішев

ТАЛДЫҚОРҒАН. Желтоқсанның   21-і.  ҚазАқпарат /Сандуғаш  Дүйсенова / - Ағымдағы  жылы  Алматы  облысы      тарихи отанына  оралғысы келетін   4 мыңдай  қандасымызға    квота бере алады.
None
None

Бұл туралы жексенбі күні  Талдықорғанда  өткен  жұмыс бабындағы  кездесуде    Еңбек  және     халықты әлеуметтік  қорғау министрлігі   Көші-қон  комитетінің    төрағасы Қабылсаят  Әбішев    мәлім етті.

«Жылдың басында   Алматы   облысы үшін біз  3800 адамға   квота белгілеген болатынбыз,  бірақ   жылдың соңына қарай  облыс  бұл тізімге   тағы  130 адамды  қосуды   сұрады.      Ол  адамдар    Жетісуға   еш   проблемасыз   келіп,   аман-есен   қоныс тебеді  деген үміттеміз.   Бүгінде  өңірге 12 мың  отбасы    көшіп келді.  Біз тағы 8 мың   отбасын қабылдай аламыз,   бұл   тағы 40 мыңға жуық  адамды құрайды», -  деп атап көрсетті  Қ.Әбішев.

Оның  айтуынша,   мемлекеттің көмегіне  қарамастан,    елге  оралған   қандастар санының төмендеу   үрдісі  байқалуда.  «Біз  әлемнің   түкпір-түкпіріндегі  қазақтарды елге оралуға   шақырамыз.    Мемлекетіміз      дамып,  гүлденуі   үшін  адамдар керек, ал  этникалық қазақтарға - Отан  керек.  Ата-бабаларының  жеріне   оралуға  ниеттілерді  біз  шекарада   күтіп алудамыз,    оларға  баспана  және    жәрдемақы беріп  жатырмыз,    яғни   қолдан  келген  барлық жағдайды жасаудамыз», -   деп  атап  көрсетті Қ.Әбішев.

Комитет төрағасының  айтуынша,   Қазақстанда жыл  сайын  оралмандарға  квота ретінде  18 миллиард теңге    бөлінеді.

Соңғы жаңалықтар