Алматы облысы әкімдігінде бірқатар кадрлық өзгерістер болды

ТАЛДЫҚОРҒАН. 25 қаңтар. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ -  Бүгін аймақ басшысы Аңсар Мұсаханов Талдықорған активіне қаланың жаңа әкімі  Ермек Алысовты таныстырды,

Алматы облысы әкімдігінде бірқатар кадрлық өзгерістер  болды

деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін ол Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

 41 жастағы Е.Алпысов соңғы жылдары Алматы облысының қоршаған ортаны қорғау басқармасы бөлімінің жетекші маманы, бас маманы,  бастығы, Ақсу ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2008 жылдан бері  Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары.

 Талдықорған қаласының бұрынғы әкімі Махаббат Бигелдиев Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

 50 жастағы М.Бигелдиев соңғы жылдары Жамбыл және Қарасай аудандары әкімінің орынбасары, облыстық сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бастығы, Жамбыл ауданының әкімі қызметтерін атқарған.