Алматы облысы әкімінің халық алдындағы есебі басталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың халық алдындағы есебі басталды. Жиынға ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Амандық Ғаббасұлы осымен үшінші жыл қатарынан Жетісу халқы алдында облыс әкімі ретінде есеп беруде. 

Өңір басшысының былтырғы жылғы есебінде 10  ұсыныс түскен болатын. Осы тұрғыда мынандай жұмыстар атқарылды.

Атап айтқанда, Алакөл ауданы Сапақ ауылының тұрғындарын орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесімен қамту мақсатында 2016 жылы 178,9 млн теңге бөлінді. Құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып,  нысан мемлекеттік қабылдау комиссияның актісімен қабылданды.

Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласындығы мектептердегі үшауысымды оқытуды жою мақсатында Есік қаласындағы 600 орынды орта мектептің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыстың жалпы құны 1 млрд 244 млн теңгені құрайды. Нысан 2017 жылы пайдалануға беріледі.

«Алматы облысы Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылының кәріз жүйесін қайта жаңарту және салу» нысаны бойынша жоба әзірленді.

2016 жылдың  тамыз айында Көксу ауданының Балпық би ауылында апатты жағдайдағы үйлердің тұрғындары жаңадан салынған  50 пәтерлі үйге толығымен көшірілді.       

 2020 жылға дейін өңірлерді дамыту бағдарламасының аясында Алматы облысының шекаралық аймағы ретінде Райымбек ауданын дамыту бойынша 2016-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленген.

Жергілікті бюджет есебінен бөлінген 929,1 млн теңгеге Панфилов ауданы Жаркент қаласында 300 оқушыға арналған жалпы орта білім беру мектебінің құрылыс жұмыстары басталды. Нысан 2017 жылдың мамыр айында пайдалануға беріледі.

Сарқан ауданындағы Мүшүмбай, Қаражырық, Қонақбай және Р-І магистралды каналдарына күрделі жөндеу мен механикалық тазалау жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен 82,9 млн теңге қаржы бөлінді.

Сарқан қ. ҚТҚ қоймалауға арналған полигон құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасына мемлекеттік сараптама қорытындысы (2014 жылғы 15 тамыздағы №18-0528/14 мемлекеттік сараптама қорытындысы) алынды. Жобаның жалпы құны - 168,1 млн теңге.

Аудан және қала әкімдерінің есепті кездесулері бойынша іс-шаралар жоспарына 163 ұсыныс енгізіліп (2015 жылы - 220), толығымен орындалды.

Соңғы жаңалықтар