22:26, 01 Маусым 2015 | GMT +5
Алматы облысы аудандарының бірінде әкімнің орынбасары пара алу үстінде ұсталды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - 29 мамыр күні Кеген қаласындағы «Мұқан Ойл» жанармай құю стансасының қасында Алматы облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің қызметкерлері Райымбек ауданы әкімінің орынбасары Қуанышбек Төлепбердиевті ұстады. Шенеунікті 185 мың теңге пара алу үстінде қолға түсірді.

Бұдан бір күн бұрын Панфилов ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Рустам Әбдіқұлов тва ұсталған болатын. Ол қарауындағы қызметкерінен оны жұмыстан босатпау үшін 200 мың теңге талап еткен.
Аталған фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалды. Күдіктілерге қатысты тұтқынға алу бұлтартпау шарасы қолданылды.