Алматы облысы бойынша «Даму» қоры «тәтті» өндірісті субсидияламақшы

ТАЛДЫҚОРГАН. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Талдықорғандағы азық-түлік комбинаты мемлекеттен «Бизнестің жол картасы-2020» бойынша субсидиялар алады.«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның аймақтық бөлімшесінен хабарлағандай, «Даму» қоры мен «Гаспарян» ЖК және «Ресей жинақ банкі» АҚ арасында 9 млн. теңге несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялаудың тағы бір келісімшартына қол қойылды.
None
None

Мемлекеттік қолдау бағдарламасының талаптары бойынша, несиелік мөлшерлеменің 7 пайызын кәсіпкердің орнына мемлекет төлейтін болады.

Несиелік қаражатқа компания басшысы Армен Гаспарян өндірістік алаңдарды кеңейтіп, кондитерлік цех қызметінің жаңа бағыттарын дамытпақшы. Талдықорғандықтарға «Карина» кондитерлік цехының өнімдері ұнады. «Карина» өнімнің 701-ден астам түрлерін шығарады. Компанияның жоспарында сондай-ақ сату аумағын кеңейту, сатудың фирмалық нүктелерін ашу бар.

Жалпы алғанда Алматы облысында «Бизнестің жол картасы-2020» бойынша жаңа бизнес-бастамалар үшін 64 жобаға көлемі шамамен 17 млрд. теңгені құрайтын несиелік қаржы бөлінген.

Соңғы жаңалықтар