Алматы облысы ІІД-не жаңа басшы тағайындалды
ТАЛДЫҚОРҒАН. 29 қазан. ҚазАқпарат - Алматы облысы ІІД-нің жаңа жетекшісі болып Мұрат Ұрұмханов тағайындалды.
ІІД-нің жеке құрамына оны ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов таныстырды.
Осы күнге дейін Алматы облысы ІІД басшысы болған Серік Күдебаев Алматы қаласының ІІД-де осы лауазымды атқаратын болды.
М.Ұрұмханов ішкі істер органдарында 1985 жылдан бері қызмет етіп келеді. Қарағанды ІІМ жоғары мектебін бітіргеннен кейін еңбек жолын ол Талдықорған облысы ішкі істер бөлімінде бастады. Тергеу және шұғыл бөлімдерде түрлі қызметтерде болды.
2001 жылдың қазанынан 2007 жылдың ақпанына дейін Алматы облысы ІІД тергеу бойынша басшысының орынбасары, 2007 жылдың ақпанынан 2010 жылдың қыркүйегіне дейін Алматы ІІД-нің тергеу бойынша басшысының орынбасары қызметін атқарды. 2010 жылдың қазанынан 2013 жылдың қазанына дейін СҚО ІІД-ін басқарып келді.