Алматы облысы қаржы полициясының қызметкерлері «Атамекен» Одағы» Ұлттық экономикалық палатасымен меморандумға қол қойды
ТАЛДЫҚОРҒАН. 6 сәуір. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысы бойынша Экономикалық қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаментінің қызметкерлері «Атамекен» Одағы» Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасы және «Атамекен» Талдықорған кәсіпкерлер одағы» қауымдастығымен Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Облыстық Экономикалық қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, қол қойылған Меморандумның мақсаты - кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлғалар тарапынан болатын негізсіз араласудан қорғау болып табылады.