Алматы облысы мен Швейцарияның Тичино кантоны туризм саласында байланыстарды нығайтпақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесі аумағында Алматы облысы мен Швейцарияның Тичино кантоны арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы облысы мен Швейцарияның Тичино кантоны туризм саласында байланыстарды нығайтпақ

Швейцария павильонында болған бұл салтанатты шарада құжатты Алматы облысының әкімі Амандық Баталов пен Тичино мемлекеттік кеңесі, экономика және қаржы министрі Кристиан Витта бекітті. Қол қою рәсіміне ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов пен Швейцария Конфедерациясының президенті Дорис Лойтхард қатысты.

null 

«Бүгін Швейцарияның Тичино өңірімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық. Атап айтқанда, олар бірлескен жобалар үшін Алматы облысын таңдап отыр. Олардың табиғи, ауыл шаруашылығы жағдайлары біздің облыспен өзара ұқсас келеді. Осы ретте ауыл шаруашылығын дамыту бағытында соңғы буынды технологияларды алып келу, Алматы облысында туризмді дамыту бағытына ерекше назар аударылады. Сондықтан туризм саласында олардан үйренетін тұстары баршылық. Бұл тұрғыда инвестиция тарту жұмыстарында тиісті келіссөздер жүргізіле бастайды»,-деп тоқталды А. Баталов.

null 

Оның сөзіне қарағанда, аталған елде күн және жел энергетикасы жақсы дамығандықтан, облыс әкімдігі тиісті бірлескен жобаларды жүзеге асыруды пысықтайтын болады.

null null null 

«Сонымен қатар оларда тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу саласы жақсы дамыған. Бұл бағыт біздің қызығушылығымызды тудырып отыр. Бүгінде облыста тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеудің толық кезеңі құрылмаған. Сондықтан осы салада олардың тәжірибесін үйренуді қарастырып отырмыз», - деді облыс әкімі.

null