Алматы облысы Талғар ауданында лай көшкіні жүрді

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат -  Алматы облысы Талғар ауданы маңында лай көшкіні болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
None
None

«04.05.17 жылы сағат 11:30-да Алматы облысы Талғар ауданы Талғар-Бесқайнар күрежолынан 7 шақырым, елді мекеннен 4 шақырым қашықтықта лай көшкіні жүргені туралы ақпарат келіп түсті. Мамандар тексеру барысында көшкін 4000 шаршы метрді құрағанын анықтады.   Лай көшкіні бөктерде тоқтаған. Жапа шегушілер мен кісі өлімі болған жоқ», - делінген баспасөз баянында.

Соңғы жаңалықтар