Алматы облысына 79 мың тонна көмір әкелінді
ТАЛДЫҚОРҒАН. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат - Талдықорғанға 79 мың тонна қатты отын әкелінді.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автожолдар бөлімінен хабарлағандай, жекеменшік тұрғын үйлерге қыста 137 мың тонна көмір қажет болады. Оның жеткізілуі үздіксіз іске асырылуда, соңғы күндердің өзінде қалаға көмір тиелген 40 теміржол вагоны жетті. Көмірді жеткізу қазан айында күрт артады.
Талдықорғанда аумағында отын сатылатын 17 бейінді нысан бар. Ассортиментінде семейлік және шұбаркөлдік көмір бар, олардың бағалары бір тонна үшін сәйкесінше 8,2 мың және 8,5 мың теңгені құрайды.