Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматы облысынан Өзбекстанға экстрадицияланған азамат 20 жыл бас бостандығынан айырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысынан Өзбекстанға экстрадицияланған азамат 20 жыл бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Алматы облыстық прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Алматы облысынан Өзбекстанға экстрадицияланған азамат  20 жыл бас бостандығынан айырылды

 «Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар» туралы Конвенция шеңберінде Өзбекстан Республикасының құзыретті органдарына 15 жылдан астам бойы жасырынып жүрген, Өзбекстан Республикасының азаматын экстрадициялаған,  кісі өлтіріп, тонағаны үшін Ташкент қаласының Сергелий аудандық сотымен 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

Анықталғаны, Э.А. Тян 1998 жылдың мамыр айының 6-сы күні шамамен сағат 07:00-де, өзінің танысы, кәмелеттік жасқа толмаған А.Г. Цоймен өзара сөз байласып, Ташкент қаласы, Сергелий ауданында орналасқан пәтерді тонауға барған. Пәтерде кәмелеттік жасқа толмаған қыз баланың бар екенін біле тұра, олар пәтерге алдау арқылы кіріп, бағалы заттармен ақшаның қайда екенін білу мақсатында оны ұрып, соққан. Алайда кәмелеттік жасқа толмаған қыз бала оларға қарсылық көрсеткен, сол кезде Э.Тян кәмелеттік жасқа толмаған қыздың өмірін қию оймен оны қолмен тұншықтыра бастағанда А. Цой көмектесіп қолын ұстап тұрған.

Кәмелеттік жасқа толмаған қыздың жансызданғандығына көзін жеткізген олар, ары қарай пәтерді ақтарып 120 000 (жүз жиырма мың) сумм және 10 000 (он мың) АҚШ долларын тауып алып, жәбірленушіге аса ірі мөлшерде залал келтіріп, белгісіз жаққа бой тасалап қашып кеткен.

Қылмыс оқиғасының 1998 жылы жасалғанына қарамастан, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 10 және 69 баптарына сай аталған қылмыстың ескіру мерзімі өтпеген.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен 2014 жылдың соңында Э.А.Тянды Өзбекстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 97 бабының 2 бөлігінің  «в,ж,и,о,п» тармақтармен (кісі өлтіру, атап айтқанда, оның дәрменсіз күйде болғанын қолдану арқылы, аса қатыгездікпен, табыс табу, басқа қылмысты жасырумен оны жеңілдету мақсатында, өзара сөз байласып) 164 бабының 4 бөлігінің «а» тармағымен (ірі мөлшерде жасалған тонау) кінәлі деп танылып Өзбекстан Республикасының құзіретті оргындарына берілген.

Қазіргі уақытта, Өзбекстан Республикасының Бас прокуратурасының ақпаратына сәйкес Қазақстан Республикасымен Өзбекстан Республикасына берілген Э.А.Тян 06.12.2015 жылы Сергелий аудандық сотының үкімімен Өзбекстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 97 бабының 2 бөлігінің  «в,ж,и,п» тармақтарымен және 164 бабының 3 бөлігінің «в,г» тармақтарымен кінәлі деп танылып, оған 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Осылайша, екі ел арасындағы халықаралық ынтымақтастық шеңберінде келісілген жұмыс нәтижесінде, өткен ғасырдың соңында орын алған аса қатыгездікпен жасалған қылмыс үшін Э. Тян жауапкершіліктен кашып құтыла алмады.