Алматы облысынан заңсыз қоныстанушы шығарылды
ТАЛДЫҚОРҒАН. 13 сәуір. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысының Қарасай аудандық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты өз қаулысымен Қазақстаннан Өзбекстан Республикасының заңсыз еңбек мигрантын шығарды.
Алматы облыстық сотының баспасөз қызметінен хабарлағандай, көрші республиканың азаматы Қазақстан жер аумағында өкілетті органның рұқсатынсыз құрылыс фирмасында қосалқы жұмысшы болып еңбек еткен.
Сот шешімімен құқық бұзушы Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзды деп айыпты деп танылып, 1 тәулікке әкімшілік тұтқындауға алыну түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Одан кейін ол Қазақстан Республикасының жер аумағынан шығарылды.