Алматы облысында 3,8 балдық жер сілкінісі болды

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 20 қаңтар күні Алматы уақыты бойынша 02 сағат 57 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы облысында 3,8 балдық жер сілкінісі болды

Сейсмологтар хабарлағандай, зілзала ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 442 шақырымда, Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты 10.0. MPV магнитудасы 3.8. Тереңдігі - 20 шақырым.

МSК-64 бағаны бойынша сезілуі туралы мәліметтер жоқ.

Еске салсақ, кеше кешке Алматы қаласында 3-4 балдық жер сілкінісі тіркелген болатын.