Алматы облысында 8 ойын автоматы тәркіленді
ТАЛДЫҚОРҒАН. 28 сәуір. ҚазАқпарат - Қарасай ауданының Таусамалы кентінде заңсыз ойын мекемелері жұмыс істеген.
Облыстық ІІД Ұйымдасқан қылмыспен күрес департаментінің қызметкерлерімен өткізілген жедел-іздестіру шарасының барысында Таусамалы кентінің 2 дүкенінде ұтысты ақшалай беретін құрылғыны заңсыз орналастырып пайдалануға берген ойын автоматтары анықталды.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлерімен заңсыз жұмыс істеген ойын мекемесінің екі залынан 8 ойын автоматы алынып, техникалық сараптамаға жіберілді.
Мекеменің иелеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Олардың қызметін тексеру жүргізілуде, екеуінен де ешқайда кетпеуі жайында қолхат алынды.