Алматы облысында ағымдағы жылы 104 адам ақталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. 1 маусым. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында Алматы облысының прокуратурасына 140 адам ақталуға өтініш білдірді.

Алматы облысында ағымдағы жылы 104 адам ақталды

Облыстың қадағалау органынан хабарлағандай, 104 өтініш қаралған, 36 кешірім берушіге ҚР заңнамасының нормалары түсіндірілді.

Өткен жылы 508 адам ақталуды өтінген. 303 өтініш бойынша оң шешім қабылданды.