Алматы облысында әкімдіктердің мамандары елеулі заң бұзушылыққа жол беруде
ҚР Мемлекеттік қызмет істер агенттігі аймақтық басқармасының бастығы Серікбай Нұрғисаев Айнабұлақ ауылдық әкімі аппаратының бас маманы осы округтің әкімінің міндетін атқарушы ретінде өзінен бұрынғы тәртіптік жазаны алып тастау жөнінде өкім шығарғанын мысалға келтірді. Оған өзінің өтінішімен ұсыныс жасаған. Өкімнің орындалуын бақылауды да өз жауапкершілігіне алған.
Тәртіптік кеңес Көксу ауданының әкіміне бес күн мерзім ішінде бас маманның әрекетін қарап, қабылданған шаралар туралы егжей-тегжейлі есеп беруді ұсынды. Отырыста атап өтілгендей, мұндай фактілер некен-саяқ емес.
Бұдан басқа, ақылы негізде қалалық су және кәріз жүйесіне қосу үшін тұтыншыларға 456 техникалық шарттар берген «Жетісу-Су арнасы» МКК бастығын тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесі қаралды.
Тұтастай алғанда кәсіпорын көрсетілген кезеңде тұтынушылардан 1064,6 мың теңгені негізсіз алған.
Талдықорған қаласының әкімі Сәкен Жылқайдаровқа су арнасы бастығына сөгіс беру ұсынылды.