Алматы облысында ақпан айының соңындағы көрсеткіштер бойынша жұмыссыздар саны 2 700 адамды құраған

ТАЛДЫҚОРҒАН. 24 наурыз. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - 2010 жылдың IV тоқсанындағы халықтың еңбекпен қамтылу деңгейіне жүргізілген зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, Алматы облысындағы жұмыссыздар саны 46 900 адамды құрайды.

Алматы облысында ақпан айының соңындағы көрсеткіштер бойынша жұмыссыздар саны 2 700 адамды құраған

Облыстық статистика басқармасының сайтындағы ақпараттар бойынша, жұмыссыздар саны экономикалық белсенді халық санының 5,2 пайызын құраған.

Ал 2011 жылғы ақпан айының соңында еңбекпен қамту органдарына жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны 2700 адам болған.