Алматы облысында ақын Тұманбай Молдағалиевтің мерейтойы аталып өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылында ақын Тұманбай Молдағалиевтің 80 жылдық мерейтойы атап өтілді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.
None
None

Шараға Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаев қатысып, ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімеледі. Ол ақиық ақынның ұлттық әдебиетке қосқан зор үлесін айта келе, жиналған қауымға облыс әкімі мен Жетісу жұртшылығының атынан құттықтауын жеткізді.

Бәйдібек би ауылындағы салтанатты шара халықтық мерекеге ұласып, Мәдениет үйінің сахнасында қазақ эстрадасының жұлдыздары ақынның сөзіне жазылған әндерді шырқады.

Соңғы жаңалықтар