Алматы облысында әлеуметтік дүкендер ашылды

ЛДЫҚОРҒАН. 23 қараша. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысы, Көксу ауданының Балпықби ауылында аз қамтамасыз етілген азаматтар үшін әлеуметтік дүкен ашылды.
None
None

Облыс әкімінің баспасөз қызметінде хабарланғандай, қазіргі кезде облыс аумағында әлеуметтік дүкендер Балпықби ауылында, Талдықорған қаласында, Ескелді, Қаратал аудандары мен Текелі қаласында жұмыс істеуде.

Тұрақтандыру Қорының облыстық комиссиясының шешімімен бекітілген азық-түлік тізімі бойынша сауда сөрелері мен мұздатқыштардың ішінде тауар жинағы ретінде шұжықтардың ондаған түрі, тартылған еттің пакетке оралған және өлшеп сататын түрі, құс етінен дайындалған ысталған азық түрлері, сүт, нан, макарон өнімдері, жарма және май ұсынылған.

Соңғы жаңалықтар