14:04, 11 Шілде 2016 | GMT +5
Алматы облысында әскерге шақыртылған бозбаланың өліміне қатысы болуы мүмкін күдіктілер ұсталды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Екі сарбаз қызметтесін ұрып-соқты деген күдікпен Кербұлақ АІІБ уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.
Құқық қорғау органдарындағы ақпарат көзі хабарлағандай, Олар Маңғыстау облысының сарбазы Даниэль Сайфуллиннің басынан бірнеше рет соққан. Дауға жеке қарым-қатынасы себеп болған.
Дәрігерлер жігітті құтқара алмады. Әскерге шақыртылғанның өліміне байланысты әскери-тергеу комитеті әскери бөлімде тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Күдіктілер ОҚО тұрғындары. Әскерге келгендеріне 9 ай болған.
Бұл Сарыөзектегі соңғы айлардағы сарбаз өлімінің жалғыз оқиғасы емес. Еске сала кетейік, 21 мамырда осы әскери бөлімде ғимаратты демонтаждау кезінде құрылыс бөлшегі құлап, салдарынан қатаржағы жауынгер Ескендір Жақашев ауыр жарақат алып, лазаретте ажал құшты.